БАБАЛАРДАН ҚАЛҒАН НАҚЫЛ СӨЗДЕР - Дін
- ``Сатқан емен,Сатпаймын дінімді мен.Өлмейтұғын, өшпейтін күнім білем. Алла деген жүрегім жұдырықтай,Жүрегімнің соққанын біліп жүрем``.
- Қанатындай сұңқардың,
Тұяғындай тұлпардың,
Иман жүзді қуатты.
Мен жастарға сенемін.
Мағжан Жұмабаев - Алла тағала! Арыстың ұрпағына пейіл-пікіріне ылайық ғұмыр бере көр! Салуалы ордасы, салауатты адамы болса екен! Ел қамын жейтін ерлері болса екен! Елім деп еңірегенде, етегі жасқа толатын, қазағым дегенде, қабырғасы сөгілетін ұрпағымызды көбейте көр! Қазақ тым сенгіш, тым аңқылдақ, ақкөкірек, осысынан көп қорлық көрмегей! Әмин!
- Иманы кеткеннің жиғаны кетеді.
- Қазақ бір-бірін көргенде, Аллалап бауырына басып, құшақтап көріссін.
- Надан молда намазқой.
- Қорыққан молда мешіттен ұзамсайды.
- Зекетсіздің малы сүндетсізге бұйырар.
- Пірге қол бермеген, шайтанға жол береді.
- Кәпір тоқ болса, мұсылман тыныш.
- Діні басқаның тілі де басқа.
- Жетімге ауыз берген Құдай, нәпаха да берер.
- Тәңірінің құдіретін көремін десең тауға бар.
- Шайдан басқа асым жоқ, Құдайдан басқа досы жоқ.
- Ұстазы жоқтың ұстазы шайтан
- Дінде жүріп дос ізде, дұшпан өзі – ақ табылар.
- Құдайым ас берсе қанағатын қосып берсін, суат берсе салауатын қосып берсін.
- Қасіретте кірмеген ес, ақиретте кірмейді.
- Жігіттің де жігіттің ниетінен байқаңдар, ниеті қалыс жігіттің кеудесінде сайтан бар.
- Әулиеге түне, Құдайдан тіле
- Әулие Құдай емес, Құдайдан былай емес.
- Сый, құрмет берерде әуелі Алла тағала ұят береді.
- Өзіңді сүйгің келсе, Исламды сүй
- Бәрі рас айтқанымның ақ Алламның,
Күн менен топырақтан жаралғанмын.
Құдайдың құлымын мен мұсылманмын.
Денемде түйірі жоқ арам қанның
Ақиқатын аңсаймын ақ арманның. - Жұмыла көтерген жүк жеңіл
Мұқағали Мақатаев.
Қазыбек
Қазыбек бек
Белгісіз
Светқали Нұржанов
Халық даналығы
Халық даналығы
Халық даналығы
Халық даналығы
Халық даналығы
Халық даналығы
Халық даналығы
Халық даналығы
Халық даналығы
Халық даналығы
Халық даналығы
Халық даналығы
Халық даналығы
Халық даналығы
Халық даналығы
Халық даналығы
Халық даналығынан
Сократ
Мұқағали Мақатаев
Әуез
No comments:
Post a Comment