Thursday, March 19, 2009

Шын сүю өзіңді мүлде ұмыту.

  • Шын сүю өзіңді мүлде ұмыту.

    Махаббат -кәріні жас, алысты жақын ететін ұлы күш

  • Қадір Мырзалиев
  • Сүюдің сырын көзден көрме, Көңілден ізде. Білгің келсе, сүйер я сүймесін, Ашып қара көңілін күймесін

  • Баласағұн
  • Сұлулық-әйелдің бақыты,бағалай білмесе соры.

  • Мақал
  • Махаббатты ләззат деп қана түсінген пендеқайғы-қасірет,зар мен сор ғана әкеледі.

  • В:А:Сухомлинский
  • Адамшылықтың алды-махаббат,ғаделет сезім.

  • АБАЙ
  • Күз сыры

    Шұбар аспан, нәзік нұр жалтылдайды,
    Қатырмайды, жылыға батырмайды.
    Бұтақтарды тербеткен салқын самал,
    Сары шашын ағаштың тақырлайды.

    Күміс өзен сарғайып сарқылдайды,
    Қара қаздар көшетін қарқылдайды.
    Арнасына көнбеген суық толқын,
    Шетіндегі тасқа кеп жалпылдайды.

    Жалпылдайды, жігер от лапылдайды,
    Көкжиектен алтын ай жақындайды.
    Шабытыма бекерден мұң кигізіп,
    Күздің түні сағыныш шақырмайды.

    Сағынышты сарын жел сапырмайды
    Біздің сайран салған таң атылмайды.
    Ескек тартқан кешегі көл бетінде,
    Нұрға бояп, дірілдеп жатыр қайғы.

  • Қайсар Ертай
  • Сұлуға мен сұлу демеймін, сұлу менікі болмаған соң.........

  • Қабыл
  • Әйелдің басты қаруы - көз жасы.

  • Ғабит Мүсірепов
  • Қимасыңды қиғаның,
    Сүюің мен сыилауың.

  • Халық даналығы
  • Суйген адам ешкашанда ессіз болмас

  • Ергали
  • Әйел ашуланса жеңіледі, еркелесе - жеңеді.

  • Ғабит Мүсірепов
  • Махаббат – зор саналылықтың, білгір – білімділіктің, асқан ақыл-ойдың жемісі емес, ол – тек жерде ғана өмір сүретін, бірте-бірте архаизмге айналатын, тууы бар, өсіп-өнуі жоқ көзге көрінбей мәңгі жасайтын бейнесі белгісіз Дара ұғым

  • Оралхан Бөкей
  • Сүюдің сырын көзден көрме, Көңілден ізде. Білгің келсе, сүйер я сүймесін, Ашып қара көңілін күймесін


  • БАЛАСАҒҰН

No comments:

Post a Comment